Біз Туралы

Біздің мақсатымыз

Қыздарды Қазақстанды дамыған демократиялық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және ұлттық-ерекше мемлекет ретінде сипаттайтын үздік қазақы және еуропалық мәдени-адамгершілік дәстүрлерге баулуға көмектесу.

Біздің философиямыз

Қазақ қоғамында қыз бала тәрбиесінің әлсіреуі отбасындағы құндылықтардың, қазақ жанұясындағы ұлттық салт-дәстүрлердің ұмытылуына алып келді. Әйел адам ұлтымыздың мәдениетін сақтаушы, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші деген аттан алыстап кетті. Соның салдарынан әйелдердің мінез-құлқынан отбасын сақтап қалуға мүддесіздік, қит етсе ажырасуға ұмтылу, ер азаматтармен тайталасу, үй шаруашылығымен айналысқысы келмеу немесе олақтық көрініс таба бастады. Оның үстіне, қазақ қоғамы интеграция, заман көшіне ілесу, жаһандану деген дүниелерге әуестеніп, апа-әжелеріміз салып кеткен Ұлы дала ханымы бейнесінен адасып қалдық. Соның нәтижесінде жастарымыз сырттан келген идеологиялық, діни, мәдени күштердің, өзіміздің ұлттық және қорғамдық менталитетімізге жат әрекеттердің алдында дәрменсіз күйге түсті. Осының бәрі қазақ қыздарын ұлттық ерекшелігінен, даралығынан, рухани тәрбиесінен айырып, онымен бірге ар-намысы мен құндылықтарын жоғалтып алуына себеп болуда. Соған байланысты «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтының қызметі оқушыларымыздың бойына ұлттық-мәдени құндылықтарды сіңіріп, ұлт байлығы мен тарихи сабақтастықты нық ұстанатын озық ойлы, өзіндік көзқарасы бар тұлға тәрбиелеп шығуға бағытталған.

«ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» ИНСТИТУТЫ ҚЫЗ БАЛАНЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ЕҢ БАСТЫ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТАДЫ:

Ұлттық мәдениетті жаңғыртады
Отбасы және ана құндылығын сіңіреді
Шығармашылық қабілеттерін ашады
Үй шаруасында ептілікке үйретеді
Эстетикалық түсінігін қалыптастырады

Сөйтіп, «Қазақ қызы» институтында білім алу арқылы қазақ қыздары ұлттық дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғайтын, ұрпақ сабақтастығын сақтайтын, отбасындағы құндылықтарды берік ұстанатын тұлғаға айналады. Сонымен бірге, өзіне сенімді, аяғына нық тұрған, жан-жақты дамыған, көзі ашық, заман көшіне ілескен нәзік жанды ретінде болашақта отбасы мен мансапты қатар алып жүруді үйренеді.

Директордың блогы

Қымбатты достар, мүдделес замандастар!

Ең алдымен, сіздерге, осындай алмағайып заманда отбасында қыз бала тәрбиелеп отырған аса құрметті аналар мен әкелерге айтамын!

Қазіргі таңда қыздар бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда еркін, әлдеқайда азат. Оларға білім алуға, спортпен айналысуға, дәмханаларға, кинотеатрларға, клубтарға баруға, әлемді аралауға, өз бизнесін құруға – бәрі-бәріне рұқсат етілген. Дегенмен, заман қанша өзгерсе де, жас қыздар үшін жақсы тәрбие алу мәселесі өзекті болып қала бермек.

Өкінішке орай, бүгінгі қоғамда теріс әрекеттерімен көзге түсіп, әйел мен еркек жайында қате түсінікпен өсіп келе жатқан жасөспірім қыздар көптеп кездеседі. Оның бір ұшы отбасындағы және оқу орындарындағы тәрбие берудің осалдығына, қыздарға арналған, ежелден қазақ қызына тән инабатты, ар-ұятты, сыпайы, ибалы, кішіпейіл болуды, үлкенге құрмет көрсетуді үйрететін бағдарламалардың жоқтығына тіреледі.

Біздің жобамыз – бірегей. Ол қыз балаларды, бойжеткендерді жалықтырмайтын, түрліше, қызықты әдістер мен тәсілдер арқылы тәрбиелеуге бағытталған. Біз ересек өмірде өзінің білімі мен білігін іске асырып, күрделі мәселелерді шешуге қабілетті, жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлға тәрбиелеп шығуға мүдделіміз.

Біздің институттан сіздің қызыңыз әдебиет пен заманауи өнерге қатысты лайықты да қызықты білім алып, әдепті болуға, ортада өзін-өзі ұстауға, заманауи этикетке машықтанып, қазақтың ұлттық тағамдарын, Еуропа тағамдарын дайындауды, тамақ ішетін үстелді жабдықтауды, тігін тігуді, түрлі аспаптарда ойнауды, әдемі билеуді, бірегей гүл композицияларын жасауды үйреніп, одан да басқа көптеген дағдыларға машықтанады.

Біздің институтта біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Әртүрлі жастағы қыз балалардың қызығушылығын ескере отырып жасалған түрлі авторлық бағдарламалар бар. Қыздарыңызды алып келіңіз, өкінбейсіз. Қыздарыңызбен бірге біздің институтта өткен күндеріңізді қуанышпен еске алатын боласыз.

Бізбен бірге жұмыс істеуге шақырамыз, кез келген ұсыныс-тілектеріңізді қабыл алуға дайынбыз.   

Құрметпен,
Институт директоры – Қарақат Әбден

Директорға хат жазу

Біздің команда

Катпенова Сая Құдайбергенқызы

Катпенова Сая Құдайбергенқызы
Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі директор, «этика» модулінің жетекшісі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар, оның ішінде 10 жыл «Қайнар» білім беру-демалыс орталығы директорының орынбасары болып қызмет атқарған (Екібастұз қаласы).

Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы

Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы
«Ұлттық әдеп» модулінің жетекшісі

Республиканың Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, «Құрмет» орденінің (2013 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалінің (2006 ж.) иегері.

Ырза Тұрсынзада

Ырза Тұрсынзада
«Дизайн студия» модулінің жетекшісі

Танымал этнодизайнер, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің директоры, «Алтын сапа» сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері.

Асылханов Ермек Сабырұлы

Асылханов Ермек Сабырұлы
«Мәдениет және өнер» модулінің жетекшісі»

Қазақстанның мәдениет қайраткері, Профессор,

Ресейдің Ұлттық дизайн академиясының академигі,

Өнер профессоры, Педагогика ғылымдарының докторы,

Қазақстандық Дизайнерлер одағының мүшесі,

Дизайн және сурет өнері саласындағы «Дарын» сыйлығының иегері

Мүкей Айгүл Адиятоллақызы

Мүкей Айгүл Адиятоллақызы
«Еңбекқорлық пен тәртіп» модулінің жетекшісі

ҚР журналистері академиясының академигі, Бас редакторлар клубының вице-президенті, «Томирис» іскери әйелдер клубының мүшесі, «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан бері)

Мемлекеттік және халықаралық марапаттардың, сыйлықтардың, құрметті атақтардың: «Құрмет» орденінің, «Астананың 10 жылдығы» медалінің (2008), ҚР Президентінің алғыс хатының, «Нұр Отан» ХДП журналистика саласындағы сыйлығының (2006) иегері, Жыл журналисті (2002), ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2003).

Елмұра Жаңабергенова

Елмұра Жаңабергенова
«Музыкалық қабілетін дамыту» модулінің жетекшісі

Дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты және Ел Президенті оркестрінің жетекші әншісі.

Мұсаева Томирис Ермекқызы

Мұсаева Томирис Ермекқызы
«Зайырлы ортада өзін-өзі ұстау дағдылары» модулінің жетекшісі

Қонақ күту және туризм саласында халықаралық бизнес магистрі (Цезарь Ритц Университеті, Швейцария), ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының түлегі, Білім беру және қонақ күту саласында 7 жыл жұмыс өтілі бар. 

Күлшімбаева Сәбира Мұратқызы

Күлшімбаева Сәбира Мұратқызы
«Қыз жанының психологиясы» модулінің жетекшісі

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, психотерапевт, қауымдастырылған бапкер, 20 жылдық кәсіби жұмыс өтілі бар, «Еркемай» және «Erkemaitour» отбасылық қарым-қатынастар психологиясы инновациялық орталығының директоры, перинатальды психология, күйзелістегі хал, психологиялық кеңес беру, медициналық психология, отбасын және репродуктивті денсаулықты жоспарлау саласындағы сертификатталған маман.

Меңсейітова Анар

Меңсейітова Анар
«Кербездік пен әсемдік» модулінің жетекшісі

Британдық ANAR London брендінің негізін қалаушы, MarieClaireKazakhstan, RussianGap журналдарының стилисі және фэшн-журналист. Оның жұмыстары Cosmopolitan, MarieClaire, IDOL, Tirade, VogueItalie, Notion, TatlerIreland және басқа халықаралық журналдарда жарық көрген.

Дәуітова Әйгерім Алтайқызы

Дәуітова Әйгерім Алтайқызы
«Дизайн студия» модулінің жетекшісі

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы (Қазақстан, Алматы),

Киім дизайны, Өнертану ғылымдарының магистрі

  • IED Moda Lab (Еуропалық Дизайн институты) (Италия, Милан) Киім дизайны, Сән магистрі
  • Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы (Қазақстан, Алматы) Киім дизайны, Бакалавр
Бектұрғанова Әлмира Әнуарбекқызы

Бектұрғанова Әлмира Әнуарбекқызы
«Үй шаруасы және қонақ күту» модулінің жетекшісі

Техника ғылымдарының кандидаты, Азық-түлік өнімдері техникасы және технологиясы магистрі, доцент. 60-тан аса басылымдық жұмыстары жарық көрген, ҚР 2 инновациялық патентінің, 8 оқу құралының, 20 әдістемелік нұсқаулықтың авторы, Мейрамхана ісі, сараптама, сапа бақылау және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша білім жетілдіру курстарының оқытушысы. «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша республикалық олимпиадада студенттер командасының жетекшісі, ҚР БЖМ 4 дипломын алған.

Шәймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы

Шәймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы
«Әдебиет және поэзия» модулінің жетекшісі

Филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері, Қазақстандық «Парасат» көпсалалы институтының гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры.Монографиялар, сөздіктер, оқу құралдарының авторы, университеттердің филология факультеттерінің «Введение в славянскую филологию», «Старославянский язык», «Основы теории перевода» және т.б. сияқты базалық жалпылингвистикалық курстары бойынша үлгілік бағдарламалар авторы; Қазақстан мен шетелде (Германия, Польша, Ресей, Словения және т.б.) 160-тан астам жарияланымның авторы; докторлық және кандидаттық диссертациялардың жетекшісі (ол 35 ізденушіні (оның ішінде филология ғылымдарының 9 докторын) дайындады).Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшесі, Қазақстанның Алматылық антиктанушылар қауымдастығының вице-президенті, Қазақстандық орыс тілі және әдебиеті оқытушылары бірлестігінің мүшесі, Қазақстандық ресейлік (кеңестік) ЖОО-лар түлектері қауымдастығының вице-президенті.

Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы

Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы
«Тарихтағы тұлғалар» модулінің жетекшісі

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясының профессоры, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.

Именәлинова Клара Қасымқызы

Именәлинова Клара Қасымқызы
«Қазақтың ұлттық ойындары» модулінің жетекшісі

Х.С.Омаров атындағы шахмат клубы МКҚК-да Тоғызқұмалақ ойынынан бапкер-оқытушы. Дипломы бойынша мамандығы: дене шынықтыру және спорт, спорт шеберлігіне кандидат, 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар.

Біздің әріптестеріміз

Еуразия ұлттық университеті

Еуразия ұлттық университеті

Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті – Қазақстандағы ең озық және классикалық университеттердің бірі. 

Қазақ ұлттық өнер университеті

Қазақ ұлттық өнер университеті

ҚазҰӨУ – Қазақстан Республикасындағы жаңа, болашағы зор оқу орындарының бірі. Ол бұрынғы Қазақ ұлттық музыка академиясының негізінде құрылған.

Қазақстан республикасының ұлттық мұражайы

Қазақстан республикасының ұлттық мұражайы

Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы – Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі мұражай. 

Villapierrefeu

Villapierrefeu

Әлемдегі ең ежелгі VillaPierrefeu (Вилла Пьерфё) әдеп мектебі, Швейцария.

Астана қаласы Әкімдігі

Астана қаласы Әкімдігі

Әлеуметтік институтының Астана Қызметтердің әкімдігінің қолдауымен - осал топтар тегін қамтамасыз етіледі

Қазақстан республикасының президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

Қазақстан республикасының президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

Комиссияның негізгі міндеті, кешенді ұлттық отбасылық саясатты қалыптастыру үшін басымдықтар мен ұсынымдар анықтамасы болып табылады

бақ біз туралы