Оқу бағдарламасы

Оқу-тәрбие бағдарламасы «Қазақ қызы» институтының жеке авторлық әзірлемесіне саяды. Бағдарлама құрылымына оқу материалын ұйымдастыру қағидасы негіз болды.

Сондай-ақ оқу модулдері міндетті және тыңдаушының таңдауына қарай қосымша модульдер болып бөлінеді. «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтында оқу бағдарламасы 7 мен 18 жас аралығындағы қыздарға арналған. Жас ерекшелігіне қарай бөлінген әрбір топқа белгілі бір модульдік бағыт белгіленген. Жекелеген жағдайларда персоналды бағдарлама жасақтау мүмкіндігі қарастырылған.

Жас ерекшелігіне қарай оқу топтары:

7-9

жас

10-13

жас

14-18

жас

«Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтында оқу бағдарламасы 7 мен 18 жас аралығындағы қыздарға арналған. Жас ерекшелігіне қарай бөлінген әрбір топқа белгілі-бір модульдік бағыт белгіленген. Жекелеген жағдайларда персоналды бағдарлама жасақтау мүмкіндігі қарастырылған. 

Оқыту ұстанымдары

Оқыту аптасына 5 рет 3 сағаттан жүреді (50 минут – сабақ, 10 минут – үзіліс және аудитория алмастыруға беріледі). Сонымен бірге оқу материалдарын меңгеру тиімді нәтиже беруі үшін және тәрбиеленушілердің шаршап-шалдығуына жол бермеу мақсатында күн сайынғы сабақ кестесін жасақтағанда мынадай міндетті тәртіпті ұстандық: 

1 сабақ
дәріс
2 сабақ
қолданбалы
3 сабақ
«іс-қимыл ойыны»

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, триместрлерге бөлінеді:

Айына 1 рет барлық жастағы топтар көпшілікке арналған дәріс түрінде ортақ сабаққа, шығармашылық кездесулерге, қайырымдылық акицяларына, танымал қоғам қайраткерлері, мәдениет, өнер, білім саласының майталмандары қатысатын тақырыптық кешкі астарға қатысады. Аталған шараларға ата-аналардың қатысуына рұқсат етіледі. Толық оқу циклі – 1 оқу жылы және 5-8 модуль бойынша кеңейтілген оқу. Жылдың соңында оқушы кешенді шығармашылық емтихан тапсырады (ата-анасымен бірлесіп) және куәлік беріледі. Әрбір жастық топтың өз кураторы болады, ол тәрбиеленушілердің оқу үлгерімін бақылаумен айналысады.

қыркүйек қазан қараша
желтоқсан қаңтар ақпан
наурыз сәуір мамыр

1 жылдық оқу бағдарламасы

ӘДЕП
  • Қазақы тәрбие, өнеге-ғибрат қағидалары және үлгілері
  • Өзін-өзі ұстау әдебінің негіздері
  • Қазақы отбасындағы салт-дәстүрлер

Қыз жанының психологиясы

  • Рухани үйлесім
  • Тұлғаны әлеуметтендіру
  • Коучинг
  • Қазақтардың сыртқы келбеті

Зайырлы ортада өзін-өзі
ұстау дағдылары

  • Дастарқан басында өзін-өзі ұстау әдебі
  • Салтанатты өмір (дресс –кодтар (Киімдегі колористика, силуэт сәулеті), зайырлы ортада өзін-өзі ұстау әдебі (қонағасыларға, қоғамдық орындарға барған кезде))
  • Атпен жүруге машықтану
КЕРБЕЗДІК ПЕН ӘСЕМДІК
  • Хореография (классикалық вальс, заманауи билер)
  • Йога және денсаулық
  • Семсерлесу
ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ҚОНАҚ КҮТУ
  • Казақы дастарқан
  • Европалық дастарқан
  • «Татым»
  • Отанасының даналығы
  • Анаға жәрдемдесу
ДИЗАЙН-СТУДИЯ
  • Ұлттық қолданбалы өнер
  • Флористика
  • Сәндік қолданбалы өнер
КИІМ ТІГУ ЖӘНЕ ПІШУ МЕКТЕБІ
  • Кутюрье құпиялары
  • Кесте тігу
МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУ
  • Домбыра сабақтары
  • Ән сабағы

Институттың серіктесі Швейцарияның табиғаты көздің жауын алатын өлкесінде орналасқан әлемдегі ең ежелгі VillaPierrefeu (Вилла Пьерфё) әдеп мектебі

Институт маусым айында өзінің тәрбиеленушілеріне VillaPierrefeu (Вилла Пьерфё) әдеп мектебінде үш апталық оқу ұсынады. Серіктес-мектеп «Қазақ қызы» институтының тәрбиеленушілері үшін арнайы бағдарлама жасақтады. Оның көмегімен біздің шәкірттеріміз алған білімдерін нықтап, нағыз еуропалық мәнерді меңгеріп, меңгерген ағылшын тілін жетілдіріп қайта алады. VillaPierrefeu (Вилла Пьерфё) әдеп мектебіндегі үш апталық оқуды аяқтағаннан кейін тәрбиеленуші бір кездері Уэльстік Диана ханшайымның өзі тәлім алған әйгілі оқу орнының сертификатына ие болады.

2 жылдық оқу бағдарламасы

ӘДЕП
  • Заманауи ар-ұят, әдеп әлемі
  • Қазақы тәрбие, өнеге-ғибрат қағидалары мен үлгілері
  • Қазақы отбасындағы салт-дәстүрлер
  • Ана болу философиясы
КЕРБЕЗДІК ПЕН ӘСЕМДІК
  • Би дағдыларының негіздері
  • Атпен жүруге машықтану
  • Стиль мен сырбаздық.
  • Йога және денсаулық
  • Body Balance
  • Би кеші
ДИЗАЙН-СТУДИЯ
  • Ұлттық қолданбалы өнер
  • Флористика
  • сурет өнеріне баулу
  • Тігін және пішу негіздері
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР
  • Әлемдік мәдениет және өнер
  • Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің ұлттық ерекшеліктері
  • Заманауи мәдениет пен өнер
ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚ КҮТУ
  • Казақы дастарқан
  • Еуропалық дастарқан
  • «Татым»
  • Отанасының даналығы
  • Анаға жәрдемдесу
ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒАЛАР
  • Қазақтың өткен тарихы
  • Әлем тарихындағы ұлы тұлғалар
  • Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
  • Атақты замандастарымыз
МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУ
  • Фортепиано сабағы
  • Домбыра сабағы
  • Гитара сабағы
  • Караоке-клуб
ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
  • Үздік әлем әдебиеті
  • Қазақ әдебиеті және поэзиясы
  • Қазіргі қазақ әдебиеті: тұлғалар мен олардың жетістіктері.
ҚЫЗ ЖАНЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
  • Рухани үйлесім
  • Тұлғаны әлеуметтендіру
  • Коучинг
  • Қазақтардың сыртқы келбеті
ЗАЙЫРЛЫ ОРТАДА ӨЗІН-ӨЗІ
ҰСТАУ ДАҒДЫЛАРЫ

 

  • Дастарқан басында өзін-өзі ұстау әдебі
  • Зиялы әңгіме айтуға үйрену
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП
  • Жұмыс, Мансап және Табыс
  • Тайм-менеджмент
  • Интеллект-карталар
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
  • «Тоғызқұмалақ»
  • Ақсүйек
  • Айгөлек

Сейсенбі
Бейсенбі
Сенбі

1 Ауысым

09:00 ҰҚӨ 10:00 Сурет өнері 11:00 Ән сабағы/Ұлттық әдеп
09:00 Психология 10:00 Гитара/Домбыра 11:00 ОКШ/Гольф
09:00 Аспаздық сабағы 10:00 Шешендік өнер/Хореография 11:00 Стилистика/Флористика/Зайырлылық әдебі

2 Ауысым

16:00 ҰҚӨ 17:00 Сурет өнері 18:00 Ән сабағы/Ұлттық әдеп
16:00 Психология 17:00 Гитара/Домбыра 18:00 ОКШ/Гольф
16:00 Аспаздық сабағы 17:00 Шешендік өнер/Хореография 18:00 Стилистика/Флористика/Зайырлылық әдебі