Құрметті оқырман қауым!

Құрметті оқырман қауым! Сіздермен институтымызда өткен үлкен іс - шарамен бөлісе кетпекпіз. 22 Сәуір күні «Қазақ қызы » мәдени инабаттылық институты, Астананың танымал әйелдерімен бірге қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі - «Taбaқ тарту», ​​«Құлaқ тесу», «Біз қадау» сияқты, сонымен қатар, киіз үй тігіліп, қала мектептерінің оқушыларының арасында «Қaмыр жаю», «Шаш өру», «Жент жасау», «Ұлттық және зиялы этикет» сияқты қызықты жарыстар өткізілді.  

Халық дәстүрлерін насихаттау мақсатында институтымыз жыл сайын, қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтары, ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен қазақ халқының мәдениетімен Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына таныстыруда.

Қаланың елеулі әйелдер қауымы «Құлақ тесу» және «Tабақ тарту» (мақсаты, ет асқандағы мүшелерді нақты қонақтарға ұсыну)рәсімдерін қыздарымызға мастер - класс ретінде өткізді. Бұл ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету үшін және жас ұрпаққа «Кімге бас, кімге жамбас ұсынуын» үйрету өте маңызды болып табылады.

Сонымен қатар,келген жамағат қазақ халқының дәстүрлі әндерін масаттана тыңдап, жайылған кең дастарханнан ауыз тиіп,ұлттық ойындар ойнап,мәз мейрам болып,марқайып қайтты. Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар арасында:Қазақстан Республикасы Парламенті, Астана қаласының көрнекті қоғам қайраткерлері, әйел кәсіпкерлері, мәслихат депутаттары, Швеция және Азербайжан мемлекеттерінің елшілері отбасыларымен,үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ЕҰУ ректоры мен Лағыл клубының қыздары, біздің қыздарымыздың ата - әжелері, апалар хоры қатысты.

Бүкіл келіп қатысқан қадірлі қонақтарымызға, институтымыздың ұжымына, қыздарымызға айтар алғысымыз шексіз!

Қадірменді халайық, елімізде осындай үлгіде өткізілетін іс - шаралар көбейе берсін, халқымыздың ұлттық құндылықтарын атадан ұрпаққа жалғастыра берейік!

Қаланың елеулі әйелдер қауымы «Құлақ тесу» және «Tабақ тарту» (мақсаты, ет асқандағы мүшелерді нақты қонақтарға ұсыну)рәсімдерін қыздарымызға мастер - класс ретінде өткізді. Бұл ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету үшін және жас ұрпаққа «Кімге бас, кімге жамбас ұсынуын» үйрету өте маңызды болып табылады.

Сонымен қатар,келген жамағат қазақ халқының дәстүрлі әндерін масаттана тыңдап, жайылған кең дастарханнан ауыз тиіп,ұлттық ойындар ойнап,мәз мейрам болып,марқайып қайтты. Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар арасында:Қазақстан Республикасы Парламенті, Астана қаласының көрнекті қоғам қайраткерлері, әйел кәсіпкерлері, мәслихат депутаттары, Швеция және Азербайжан мемлекеттерінің елшілері отбасыларымен,үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ЕҰУ ректоры мен Лағыл клубының қыздары, біздің қыздарымыздың ата - әжелері, апалар хоры қатысты.

Бүкіл келіп қатысқан қадірлі қонақтарымызға, институтымыздың ұжымына, қыздарымызға айтар алғысымыз шексіз! Қадірменді халайық, елімізде осындай үлгіде өткізілетін іс - шаралар көбейе берсін, халқымыздың ұлттық құндылықтарын атадан ұрпаққа жалғастыра берейік!

жаңалыққа оралу