Институтымыздың жазғы бағдарламасына қош келдіңіз!

Жас жеткіншек қыз балаларды мәдени-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында (халықтың әлеуметтік тұрғыда әлсіз тобынан шыққан 8 бен 18 жас аралығындағы қыздар (әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім қыздар) Астана қаласының Білім беру басқармасының қолдауымен маусым айында Астана қаласында «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды.  

Аталған жобаның мақсаты

Мәдениет пен ар-ұят тәрбиесін сабақтастыру мен біріктіру, аз қамтылған отбасынан, балалар үйінен шыққан, асырап алынған қыз балалардың сауатты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, олардың мәдени-инбаттылық тәрбиесін жоғары деңгейге жеткізу, қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық ар-ұят қағидаларын жаңғырту. 

Бағдарламаның міндеті – өсіп келе жатқан қыз балалар буынын берік адамгершілік қағидасы, белсенді азаматтық ұстанымы бар, рухани жағынан бай тұлға қалыптастыру, қыздарды әлеуметтендіру үшін әлеуметтік ұйымдасқан алғышаттар әзірлеу. Сонымен бірге қыздардың бойына Қазақстанның рухани және мәдени-тарихи салт-дәстүрлеріне негізделген құндылықтар мен адамгершілік қағидаларын 

дарыту. Отбасы, білім беру ұйымдары, Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының, балалар мен қоғамдық ұйымдардың бірлесе қызмет ету деңгейін көтеру. 

Қысқаша сипаттама: қыздарға мәдени-инабаттылық тәрбие беру үшін арнайы жасақталған бағдарламалар негізінде қыздарды оқыту мен тәрбиелеу.  

жаңалыққа оралу