Астаналық №17 лицейдің қонақтары

15.02.16

Өткен аптада Астанадағы №17 лицейдің қыздары бізге қонаққа келді. Өздерінің айтуынша, оларға біздің сурет өнерінен шеберлік класымыз қатты ұнағанға ұқсайды. Оқытушымыз Ақмарал Архатқызы оларға пейзаждың суретін салып, оны ерекше әдіспен, яғни саусақтың ұшымен бояуды ұсынды.

Психологтар мұндай әдістің пайдасын әлдеқашан дәлелдеген. Бұл адамға әртүрлі жағдайда көмектесетін толыққанды терапея болып есептеледі. Қонақтарымыз мұндай әдіске ерекше қызығушылық танытты. Нәтижесінде өте ерекше суреттер салып шықты.

Қыздар хореография, халықтық қолданбалы өнер, флористика, аспаздық өнер, тігін кластарын тамсана аралап шықты. Тіпті институтымыздан кеткілері келмей, болашақ тәрбиеленуші ретінде қайтып келеміз деп уәде етті. 

жаңалыққа оралу