Астаналық «нұр орда»мектебінің қонақтары

29.02.16

Өткен аптада бізге астаналық «Нұр Орда» мекбетінің қыздары қонаққа келді. Олар біздің мекеменің қыздары бірін-бірі «ханым» деп атайтынын естіп, қатты таңғалды. Сөйтіп қонақтар институтымыздың кішкене ғана ерекшелігімен танысты. Бәрінен бұрын нұрордалық қонақтарға психолог Сабира Мұратқызының өте қызықты шеберлік класы ұнаған екен. Олар «Дала қызының тәжі» ойын түріндегі тренингінен ерекше әсер алды. Аталмыш тренингтің мақсаты – қыздардың бойына өзіне деген сенім ұялату, өз күштеріне сенуді үйрету, олардың қаншалықты сұлу, ақылды, көрікті екенін көрсету. 

Ойын түріндегі сабақ арқылы біз тәрбиеленушілеріміздің қабілеттерін ашып, ішкі күш-қуаттарын сезінуге көмектесеміз. Себебі қазіргі заманның қыздарына өзін-өзі жетілдіру, кәсіби тұрғыда да, отбасында да жетістіктерге жету үшін кемелдік, жауапкершілік және икемділік ауадай қажет.  

Қонақтарымыздың ерекше ілтипатт білдіріп тарқасқанына қарағанда, бізге қонаққа келген ұнаған сияқты. Олар кейін тәрбиеленуші ретінде қайтып келуге уәде бреді. 

жаңалыққа оралу