№58 лицейдің оқушылары бізге қонаққа келді

10.02.16

Жақында бізге қонаққа Астана қаласындағы №58 мектеп-лицейдің оқушылары қонаққа келді. Біз оларға экскурсия ұйымдастырып, кластарымызды аралаттық. Ал педагогтарымыз оқу үрдісі жайында баяндап берді. Қонақтар біздің институттағы зайырлылық әдебі, йога сабақтарына тамсанып, флористика, халықтық қолданбалы өнер кластарын қызыға аралады. Қыздар ән сабағы, домбыра сабағы, сурет сабағы, тігін сабағы дегендерге ерекше ықыласпен қатысты. 

Одан соң асханамызға кіріп, дәмді үй пиццасын әзірлеуді үйренді. Шеберлік класының соңында қонақтар өздері дайындаған астан ауыз тиіп, ерекше көңіл-күймен тарқасты. 

Ең бастысы, қыздар бізде оқығылары келетінін жасырмады. Біз оларды асыға күтіп жүрміз. 

жаңалыққа оралу