«Қазақ қызы» институтында Наурыз тойы!

25.03.16

Өткен сенбіде «Қазақ қызы» институты наурыз тойын тойлады. Бізде наурыз мерекесін ерекше көңіл-күймен, туыстармен, жақындарымызбен және достарымызбен бірге атап өту дәстүрге айналған. Сол себепті біз мерекелік концерт дайындап, тәрбиеленушілеріміздің ата-әжелерін, апа-әкелерін қонаққа шақырдық. 

Фольклор, музыка және хореография өнері, жарқыраған костюмдер, ұлттық тағамдарымыздан дәм тату – думанға келген қонақтарға ұмытылмас көңіл-күй сыйлады. Институт шәкірттері өздерінің нағыз Қазақ қызы екенін дәлелдеп, тамылжыта ән салып, би билеп, ұлттық аспаптарда ойнап, қазақтың салт-дәстүрлерін өте жақсы меңгергендерін дәлелдеді. Көрермендерге «көрісу» және «ауыз тию» дәстүрлері туралы баяндап берді. Кешіміздің қонақтары қыздарымыздың өнеріне таң-тамаша болып тарқасты. 

жаңалыққа оралу