Көктемгі мектепті аяқтау

31.03.16

Институтымыздың қыздарына арналған «Көктемгі мектептің» 7 күні көз ілеспес жылдамдықпен өте шықты. Осы уақыт ішінде олар бір-бірімен айырылмас құрбыға айналды.  Біз де бәріне бауыр басып қалдық.

Кеше қорытынды концертте тәрбиеленушілеріміз аз уақытта бізбен үйренгендерін ортаға салды. Аналары қыздарының қысқа уақытта тігін тігу, тамақ дайындау, ән салу, билеуді үйреніп, сонымен бірге әдеп негіздерін меңгергеніне қатты таңғалды. Сонымен қатар, біздің тәрбиеленушілеріміз үйренген дағдыларын үйде қолданатынын да анықтадық.   

Концерт ата-аналарға арналған жылы да жағымды тосынсыймен аяқталды: қыздар аналарына халықтық қолданбалы өнер сабағында өз қолдарымен жасаған бұйымдарын сыйға тартты.

жаңалыққа оралу