Отан Қорғаушылар Күні мерекесінде, сондай-ақ ұлы мейрам - Жеңіс күні қарсаңында

11.05.17

Отан Қорғаушылар Күні мерекесінде, сондай-ақ ұлы мейрам - Жеңіс күні қарсаңында, институтымыздың негізін қалаушысы - Қарақат Жақсылық қызы, "Doctor dent" тіс емханасы желісінің директоры Əбілдина Данамен 19-шы округте тұратын бес ардагерге кіріп шықты.

"Менің ардагерлерімізге деген жүрегімдегі құрметім шексіз, сондықтан да жыл сайынғы мемлекет көмегінен басқа, олардың əр қайсысына жеке барып шығуды шештім.

Оларға тісті емдеуге арналған сертификатты сыйға тарттық. Бұл сыйлығымыз пайдалы болады деп үміттенеміз. Бөлек алғысымды Данаға оның адамгершілігі мен ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін білдіремін.Біздің кəсіпкерлеріміздің əлеуметтік-бағытталған болуы керемет. Бизнесмендеріміздің қоғам үшін əлеуметтік-пайдалы болуы міндетті деп ойлаймын.

Бізбен бірге ардагерлермен Қазақ қызы Институтының тәрбиеленушілері де кездесті. Осылайша, біздің тәрбиеленушілеріміз жастайынан мейірімділік пен, қолдау жəне рақымдылыққа үйренуді. Болашақ жасөспірімнің бойына осындай маңызды қасиеттерді қондыра білу үшін оларға үлгі болуымыз тиіс. Басқаша болуы мүмкін емес.

Себебі балаларымыз бізді еліктеп, бізге қарай теңесетіндігі жасырын емес. Сол себепті, барлық жауапкершілікті ұғына отырып, кезінде қанын, денсаулығын, ӨМІРІН қиып, ұзақ күткен ЖЕҢІСТІ алып келіп, бізге үлгі болған аталарымыз бен апаларымыз секілді, оларға да жақсы үлгі болуымыз қажет! "

МЕЙРАМ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР, ЖАСАҒАН ИГІЛІКТЕРІҢІЗ ҮШІН, ТАҒЫ ДА, МЫҢ БІР АЛҒЫС!

жаңалыққа оралу