Наурыз құтты болсын!!!

22.03.16

Көктем келді, көктеммен бірге Наурыз мерекесі де төрімізге шықты. Ұзақ та суық қыстан кейін бір-бірімізді қауыштыратын табиғаттың оянуын, тазаруын, көктемнің ғажайып мерекесін асыға күтетініміз анық.  

Наурыз әрбір шаңыраққа ерекше үміт пен арман сыйлайды. Айналамыз жаңарып, жаңғырып, өміріміз қуанышқа толады. Наурыз мейрамы іргемізді нығайтып, әр отбасына келісім, сый-құрмет, түсіністік алып келсін. Наурыз құтты болсын. Құрметпен, «Қазақ қызы» институты.

жаңалыққа оралу