Апасы және қызы «Қазақ Қызындағы» Франция кеші

14.11.16

Қыз баланы анадан артық ешкім де тәрбиелей алмайды. Нағыз аналар қыз баласының қаншалықты нәзік екенін, мұның қаншалықты маңызды екенін көрсетуі тиіс. Мұны зор сүйіспеншілікпен жасаған кезде қыздар да еліктей бастайды. Қызыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайта түсудің және зайырлы орта әдебін игеріп, үздік еуропалық дәстүрдегі гастрономия мәдениеті туралы білімді жетілдірудің ең бір жақсы жолы – «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық тәрбие институтындағы тақырыптық кештерге қатысу.

22 қазан күні институтта «Қазақ қызындағы» Франция кеші деген атаумен ашық есік күндері өтті.

Астана қаласының танымал сомельесі мен бас аспазының жетекшілігімен аналары мен қыздары француз тағамдарының пайда болу тарихы, біздің дәстүрлі тағамдарымызбен ұқсастықтары мен ерекшеліктері туралы қызықты әрі пайдалы мәліметке қанық болып, теңіз өнімдерінен дәмді сорпаны 15 минутта қалай дайындау керектігін және бас аспаздың құпия рецептісін білді.

жаңалыққа оралу