Бізде қонақта Динара Сәтжан

22.02.16

Бүгін бізге қонаққа белгілі тележүргізуші, бизнес-леди, екі баланың анасы Динара Сәтжан келді.

Қыздардың Динараға қоятын сұрақтары көп екен. Мәселен, ол қалайша бір уақытта бинзес жүргізіп, тележүргізуші болып, екі баланы тәрбиелеп, оған қоса өзіне күтім жасап үлгереді? Оған тамақ жасауды кім үйретті? Қандай дизайнерлердің киімін киеді? Қонағымыз ашық-жарқын, шынайы адам екен. Балалық шағы жайындағы естеліктерімен бөлісті. Оның ана ретінде, отанасы ретінде қалыптасуына ықпал еткен жан – жазғы демалыс сайын қонаққа шақыратын әжесі екен. Динара көп нәрсені әжесінен үйренген, өмірлік тәжірибесі де әжесінің берген тәрбиесінен екен. 

Өз күшіне сеніп, тек қана жетістіктерге ұмтылғанының арқасында Динара бизнес жүргізуге де, отбасымен бірге болуға да үлгеретінін айтты. Оның Даниал деген ұлы мен Диана деген кішкентай ханшайым-қызы бар.

Әрине, сұлулығының құпиясымен де бөлісті. Табысты бизнес-леди әрі ана стилистердің көмегіне жүгінгеннен гөрі, бәрін өз қолымен жасағанды ұнатады екен. Ол бізге үй жағдайында қалайша тез әрі әдемі шаш үлгісін жасауға болатынын үйретті. 

Қыздарымыз Динараны жібергісі келмей, сән әлемі, сұлулық, бала тәрбиесі жайында көптеген сұрақтар қойды. 

Біз еліміздің табысты ханымдарымен мұндай кездесулерді жиі өткіземіз. Келген қонақтар құпияларымен, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қыздарға үлгі болып шабыт сыйлап кетеді. Тәрбиеленушілер олардың келуін асыға күтеді.

жаңалыққа оралу