Сочи қаласының бірінші ханымының келуі

05.04.16

Бүгін бізге Сочи қаласы мэрінің жұбайы Пахомова Елена келді. Елена Николаевна өз қаласындағы «Мейірімділік көпірі» әйелдер лигасы» Сочи қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Сапар барысында ол сабақтарға қатысып, ұлттық дәстүрімізге сай астан ауыз тиді. Айтқандай, оған біздің қыздар пісірген бауырсақ қатты ұнады.  

Ол:  «Қыз бала кішкене күнінен бәрін үйренсе, қоғамға да, отбасына да қажетті адам болып өседі» деп, «Қазақ қызы» сияқты институтты қазақстанда ғана емес, Ресейде де ашу керектігін атап өтті.

жаңалыққа оралу