Мерейтойлық Х-шы Қысқы қайырымдылық балы қайырымдылық жобаларының қорытындысын шығарды.

Мерейтойлық Х-шы Қысқы қайырымдылық балы

қайырымдылық жобаларының қорытындысын шығарды.

 

2017 ж. 9 желтоқсанда Radisson Hotel Astanaда

Centrasia Group және Radisson Hotel Astana қолдауымен

мерейтойлық Х-шы Қысқы қайырымдылық балы өтті.

«Болашақтың аты көп»

Дәстүр бойынша жаңа жылдық мерекелер қарсаңында X-шы Қысқы қайырымдылық балы салтанатты түрде өз есігін айқара ашты.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша астананың кәсіби хореографтарының басшылығымен 15 жұп дебютант классикалық вальстан бастап твист және летка-енкаға дейін әсерлі билерімен қонақтарды таң қалдырды.

Кеш жүргізушілері – белгілі актриса Айсұлу Әзімбаева мен тележүргізуші Ғалымжан Кеншілік.

Салтанатты кештің басталуының алдында бал қонақтары қайырымдылық бағдарламаларын іске асырудың 7 жыл ішіндегі нәтижелерімен фотосуреттерден дайындалған галерея түрінде  көрсетілген қордың әлеуметтік жобаларымен танысты. Кеш барысында ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Әкім Мұхатжанов басқаратын Үрмелі оркестрі, халықаралық «Grand Fiesta» конкурсының лауреаты, «Перлини Мистецтва» опера әншілерінің лауреаты Айжан Сұлтанова, Grand Moscow Festival жеңімпазы Гүлнар Кошенова өздерінің бірегей ерекше өнерлерімен келген қонақтарды таң қалдырды.

«Іс-шараның айрықша ерекшелігі –  балды ұйымдастыруға көптеген компаниялардың өтеусіз үлесі. Биылғы Х-шы бал мерейтойлық, сондықтан біз қордың әлеуметтік жобаларының нәтижелеріне, ең бастысы – алда болатын жұмыстарға қоғамның  назарын аударуды шештік. Себебі, деректер көрсеткендей, 144 783 баланың ішінен мектеп жасындағы балалардың 46,7% ғана жалпы білім беру үрдісіне қосылған. «Әрбір бала мектепке лайықты» жобасы бірнеше жыл бұрынғыдай бүгінгі таңда да өзекті деп сеніммен айта аламын.

Дәстүр бойынша өнер мен спорт атрибутикасы заттарының ерекше лоттарының аукционы балдың кульминациялық бөлігі  болып табылады. Биылғы жылы лоттар арасында ұсынылған: «Формула-1» неміс автошабандозы Михаэль Шумахердің қолтаңбасы бар бейсболка, қазіргі қазақстандық суретші, қоғам қайраткері, галерист Лейла Махаттың картинасы, авторы Леонид Парфеновтың қолтаңбасы бар «Намедни» кітап жобасының үшінші томы, Майк Тайсонның қолтаңбасы бар боксшы қолғаптары, Артур Конан Дойлдың кітабының 1895 жылғы бірінші басылымы және т.б.

еш қонақтары қор серіктестерінің бағалы сыйлықтар ұтыс ойынына қатысты, оның ішінде: Luxury House сауда үйінің сыйлық сертификаттары, Life Fitness Astana премиум-класс фитнес-клубының сыйлық сертификаттары, Lotus Thai Spa спа-салонының, Нealth Club & Spa Grand Prix сауықтыру орталығының, «Crystal» химиялық тазалау салонының сыйлық сертификаттары, «Пушнина» лайықты бұйымдар галереясының,  «Rozita» зергерлік салонының сыйлықтары,  және т.б.

Ұйымдастырушылар: Radisson Hotel Astana қолдауымен «Болашақ» Корпоративтік Қоры.

Демеушілер: бас демеушісі – «Centrasia Group» Холдингі, қола демеуші – «SITEK Caspian».

Серіктестер:  Radisson Hotel Astana,  «Appazov Design» компаниясы және «А+1» продюссерлік орталығы.

Ақпараттық серіктестер: L’officiel Kazakhstan, L’officiel Hommes Kazakhstan, «БИЗНЕС-МИР КАЗАХСТАН», «Дорогой» журналы, «Прожектор» журналы және басқалары.

2017 жылғы және соңғы 7 жыл ішіндегі қаражаттарды жұмсау туралы  анықтамалық ақпарат инфографика түрінде  қосымшада берілген.

БАҚ аккредиттеу  2017 ж. 9 желтоқсанда сағат 12:00 дейін.  

Ерден Ырысты

8 7172 707 697

8 775 903 60 26

y_yerden@bolashak.kz

жаңалыққа оралу