«Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігі

Қазақ әйелінің бойындағы өзіндік ерекшелік пен жеке қасиеті тарихпен біте қайнасқан. Қазақстанның Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасуының өзі қазақ әйелінің Шығыс пен Еуропа дәстүрлерін бойына тең дәрежеде сіңіргенінің айғағы. Осы жайт өз кезегінде оның ғасырлар бойы қалыптасқан бейнесінің жойылып кетуіне ықпал етті. Кез келген табысты ұлттың өзіне тән «әйел образы» болады. Мәселен, азат ойлы, еркін қылықты француз әйелінің, дүрмекті итальян қызының, паранжа киген сырға толы араб әйелінің, тілалғыш жапон әйелінің тағысын-тағы бейнелері біздің санамызға сіңіп қалған. Ал қазақ әйелі ше? Ол қандай? Қазіргі қоғамда заманауи қазақ әйелін қалай таныстыруға болады?

Жыл сайын мыңдаған бойжеткен шетелден білім алуға ұмтылады. Алайда тұрақты мәдени-идеологиялық сана-сезімі қалыптаспаған қазақ қыздары әр нәрсеге еліктеп, өзін жоғалтып алып жатады. Сол себепті соңғы кездері біздің қоғамда түрік хиджабын жамылған, болмаса бұрым өсірудің орнына желке шашын қырып, бояп тастаған еркекшора әйелдерді жиі кездестіреміз және бір қолында бесік-арбасы, бір қолында темекісі бар әйелдерді көруге де етіміз үйреніп кетті.

Біз интеграция, заман көшіне ілесу, жаһандану деген дүниелерге қаншалықты әуестеніп жүрміз, апа-әжелеріміз салып кеткен Ұлы дала ханымы бейнесінен қаншалықты алыстап кеттік? Адам деген ұлы атқа лайық, туған еліміздің нағыз азаматшасы болып қалыптасу үшін қажетті құндылықтар бойымызға ана сүтімен дариды. Сонымен бірге, бүгінде Қазақстан әлемдегі озық елдердің қатарына қосылуға ұмтылып, қарқынды дамып келе жатқан, алып саяси күш-қуаты бар, мәдениеті жоғары, бәсекеге қабілетті мемлекет екенін ескерсек, ең алдымен ұлтымыздың басты байлығы – қазақ қыздарын тәрбиелеуге баса назар аудару қажет екенін ұмытпауымыз керек.

 

Тәрбиелеу орталықтарын ашуға елбасымыз Н. Назарбаевтың:

«Біздің қыздарымыз ешқашан хиджаб немесе пәрәнжі кимеген, жүздерін жасырмаған»

деген жанды сөзі себеп болды.

- Біз барлық мұсылман өкілдеріне құрметпен қараймыз, алайда біздің жолымыз бұл емес». Бұл шынымен ұлықтауға лайықты сөз. Ұлтын сүйген, нағыз патриот, ойшылдың айтқан сөзі. Шынымен де қазақтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан салты бар, біз қыз балаға төрінен орын берген, оларды кемсітпеген халықпыз, сонымен бірге оларды бала күнінен ибалы, ұстамды, сыпайы болуға тәрбиеледік. Қыздарға арналған тәрбиелеу орталығының басты мақсаты – Қазақстан Президентінің республика әйелдерін ана болу өнерін үйрету керек деген ұсынысын жүзеге асыруға ықпалдасу.

«Біз ана болудың күрделі мамандық екенін айтамыз. Бірақ, неге екені белгісіз, ешкім де ешкімге ана болуды үйретпейді. Қазір біз экономикамызды біршама жөндеп алдық, бәлкім, мұнымен енді айналысуға тиіс шығармыз».

Президенттің сөзі осындай орталықтарды ашатын уақыт жетті және ол қоғамға қажет дегенді білдіреді.

Заманға лайық қазақ қызы, әлбетте, мәдени жетістіктерден, әлеуметтік мүдделерден, қоғамдық өмірдің басқа да салаларынан шет қалмауы керек. Дегенмен біз олардың санасына ең алдымен отбасының әл-ауқатына басымдық беру керек дегенді сіңіруге тиіспіз. Сонымен бірге, қыз бала тәрбиесінде «әйелдің міндеті – ана болу» деген дәстүрлі мұсылмандық түсінік пен екінші бір шек – феминизмнің арасындағы «алтын ортаны» ұстану ең басты алғышарт болып саналады. Қазіргі таңда күйбең тірлік салдарынан қыздарына тәрбие беру міндеті жүктелген аналардың мұнымен айналысуға уақыты жоқ, сол себепті отбасында ұлттық салт-дәстүрді ұстанып, ғасырлар бойы қалыптасқан даналық, ізет-құрмет көрсету сияқты құндылықтар жоғалып барады. Әйелдеріміз ұлттық мәдениеттің қайнар көзі деген аттан алыстап кетті. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарында әйел тәнінің сексуалды-эротикалық нысан ретінде жиі көрініс табуы және мұның көп жағдайда қоғамдық сананы қалыптастыруға әсерін тигізуі әйел адамның қоғамдағы тұлға ретіндегі рөлін төмендетіп, біздің түсінігіміздегі мейірім мен сырға толы Әйел бейнесін жоғалтып алу қаупі төніп тұр.

Отбасын сақтап қалуға мүддесіздік, қит етсе ажырасуға ұмтылу, ер азаматтармен тайталасу, олардан асып түсіп, билігін жүргізуге тырысу, бала туғысы келмеу болмаса аз баламен шектелу, үй шаруашылығымен айналысқысы келмеу немесе олақтық – қазақ қоғамындағы дәстүрлі қыз бала тәрбиесінің әлсіреп бара жатқанының көрінісі.

Сөйтіп, аталған проблемаларды шешудің бір жолы ретінде тәрбиелеу орталығын, «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» әйелдерге мәдени-инабаттылық тәрбие беру институтын ашу керек деп ұйғардық.

Біздің әріптестеріміз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ

«Нұр Отан» Партиясы

«Нұр Отан» Партиясы

«Нұр Ота́н» партиясы — Қазақстандағы ең ірі Президенттік партия. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы болып құрылған.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ

Әлеуметтік институтының Астана Қызметтердің әкімдігінің қолдауымен - осал топтар тегін қамтамасыз етіледі

«Даму» Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ

«Даму» Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ

«Даму» қоры қаржылық қолдау көрсету мен мониторинг жүргізетін қаржылық агент.